500 оқушы бір мезетте Әнұран орындады

500 оқушы бір мезетте Әнұран орындады

Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай 500-ге жуық оқушы бір мезетте Әнұран орындап, патриоттық флешмобқа қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай бастамалар жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастырады. Сонымен қатар, бүгінгі акция оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған.