Қордай ауданында 300 орындық екі білім ордасы пайдалануға берілді
Қордай ауданында 300 орындық екі білім ордасы пайдалануға берілді. Екеуі де «Келешек мектеп» ұлттық жобасымен салынған. Оның бірі Қарасу, екіншісі Қаракемер ауылындағы балаларды қабылдайды. Қос білім ордасының ашылуына облыс әкімінің өзі келіп, білім көкжиегінде жүргендерге зейіндерінің ашыла түсуін тіледі.
«Келешек мектептері» форматында салынған мектептің бірі - осы. Қарасу
ауылындағы №53 орта білім беру ордасы. Заманауи стандартқа негізделген. 28 оқу
кабинеті, 80 орындық мәжіліс залы, асхана, кітапхана, оқу залы мен үлкен
спортзал бар. Дербес STEM, робототехника және компьютер сыныптары ашылған.
Бәрін қадағалауға облыс әкімінің өзі келген.

