Білім беру жүйесі трансформацияланады
Енді білім беру бағдарламасы түбегейлі өзгереді. Биыл орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізілмек. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. Енді Үкіметке жүктелер жауапкершілік жоғары. 1-ші шілдеге дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін іс-шаралар жоспарын бекітуі тиіс. Білім беру жүйесіндегі трансформация алдымен ауыл мектептерінде басталады. Пилоттық жобаға елдегі 2600-ден астам шағын жинақты ауыл мектебінің 500-і қатысады.

