300-ге жуық студент бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты
Елордада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті оқу орны түлектеріне арналған бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтті. Оған 300-дей студент пен 40-қа жуық жұмыс беруші мекемелер қатысты. Басты мақсат - түлектерді өз мамандықтары бойынша еңбекпен қамту.

