Білім беру жүйесі мен еңбек нарығының байланысы нығайды
Білім саласының 300-ден аса қызметкері Атырауда бас қосты. Мұнда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында заманауи кәсіби бағдар жүйесін дамыту және жастарды еңбек нарығына даярлау, білім саласындағы жаңашылдықтар, оқу процестерінде өзгерістер жайлы әріптестерімен өзара тәжірибе алмасты.
Білім саласының мықтылары бір алаңға жиналды. Ортақ тақырып көп. Жиында кәсіби бағдарлауды дамытудың жүйелі тәсілдерін айқында заманауи тәсілдер мен оқушылардың саналы кәсіби таңдауының тиімді әдістері жан-жақты талқыланды.
Марина Хан, «The Ulytau Educational Foundation» ҚҚ директоры:
- Бұл конференцияның мақсаты – кәсіби бағдар саласындағы маңызды мәселелерге қоғам назарын аударып, бизнес, мемлекеттік органдар және білім беру ұйымдарының күшін біріктіру. Тұрақты даму қағидаттарын ұстанатын кез келген кәсіпорын оқушылардың саналы түрде мамандық таңдағанын, жақсы дайындықтан өткенін және мектеп жылдарында болашақ жұмыс берушілерімен байланыс орнатқанын қалайды.
Ал «Болашаққа бірге: мектеп пен бизнес жастарды заманауи трендтерге және сын-қатерлерге бейімдеудегі рөлі» атты дөңгелек үстелде өзге өңірде келген мықты спикерлер түрлі тақырыпта баяндама жасап, «кәсіпорын–мектеп» экожүйесіндегі білім берудің негізгі трендтерін таныстырды.
Динара Утешева, «The Ulytau Educational Foundation» ҚҚ Департаментінің директоры:
- Атыраулық компаниялармен білім беру ұйымдарының арасындағы ынтымақтастықты күшейту Ұлытау қоры Ұлытау өңірінде көптеген бері жұмыс жасап жатыр. 80-нен аса мектепке көмек көрсетіп, жатыр. Осы тәжірбиемен бөлісуге Атырауға да келіп қалдық. Біздің қорымыздың жобалары өте көп. Эко саласында, экомарафонда мансаптық білім беру курстар.
Ауқымды жиын еңбек нарығы мен білім беру жүйесі арасындағы байланысты нығайтып, жастардың сұранысқа ие мамандықтарды және даму траекторияларын таңдауға қолдау көрсетудің маңызын көрсетті.

