«Білім. Дағдылар. Болашақ» халықаралық форумы
Актөбеде Жұмысшы
мамандықтар жылы аясында халықаралық форум өтті. «Білім. Дағдылар. Болашақ» деп
аталған шарада жетекші сарапшылар жергілікті оқу орындарының мүмкіндіктерімен
танысты.
Форум алаңында
бірнеше тәжірибелік зертханалар жұмыс істеді. Колледж практиктері кадрларды
дайындауда қандай бағытты өзгерту керегін жақсы біледі.
Бұлбұл Күзембаева,
Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы:
- Бұл форумға алты
мемлекеттен, яғни Жапония Германия, Қытай, Беларусь Өзбекстан, Франция
елдерінен сарапшылар келді. Осы техникалық кәсіптік білім беру саласындағы. Ол
сарапшылар бүгін біздің облыстағы барлық техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының педагогтеріне өз тәжірбиелерін көрсетіп жатыр.
Форумның екінші
бөлігі Жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланып, техникалық және кәсіби білім
жүйесінің үздік өкілдері марапатталды.
Асхат Шахаров,
Актөбе облысының әкімі:
- Бүгінгі шараның
маңыздылығы өте зор.Бүгінгі үйымдастырушыларға ризашылығымды білдіргім келеді.
Оның ішінде мына білім басқармасы мен жеке колледждің басшысы Талғат Ділмұратов
таөз үлесін қосып келді. Себебі осы саланы меңгеріп,ойларын бізге жеткізді.
Бірігіп істеген мен ойлаймын барлық шаралар нәтижелі қай кезде болады, ауыз
біршіліктің арқасында сондықтан біздің өңірімізде сондай ауызбіршілік бар дегім
келеді.
Халықаралық
форум соңында Актөбе мен Франция, Германия, Қытай, Жапония делегаттары
меморандумдарға қол қойды. Бұл келісімдер бірнеше ірі жобаларларға жол ашады.
Авторы: Динара Ерболқызы

