Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Бүгін Қазақстан мектептерінде оқу жылы аяқталды. Ел бойынша шамамен 4 миллион оқушы үшін салтанатты жиындар өтті. Мерекелік іс шара «Білімім – Отанымa» бірыңғай сынып сағатымен жалғасты. Биыл бастауыш сыныппен 391 мың бала қоштасты. Ал мектепке тарыдай боп кіріп, таудай болып шыққан 217 мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы үшін қоңырау соңғы рет соғылды. Айта кетейік, олардың 5 пайызы «Алтын белгіге» үміткер. Еске салайық, 9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Аттестаттар 18–20 маусым күндері табысталады. Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға мектеп форматынан тыс аста-төк бітіру кештерін өткізуді құптамайтынын жеткізді.