«Келешек мектептері» салынып жатыр

«Келешек мектептері» салынып жатыр

Жыл соңына дейін «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде елде 217 жаңа білім ордасы пайдалануға беріледі. Жаңа басқару моделі бойынша 3 мыңнан астам мұғалім үш деңгейлі оқудан өтті. «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізіледі. Бүгін Алматыда да дәстүрлі тамыз конференциясы өтіп, жаңа оқу жылына жоспарлар түзілді. Қала әкімі Дархан Сатыбалды білім саласындағы үздіктерді де марапаттады.