Қазақстанда 11 қарашада президентке кандидаттардың пікірсайысы  өтеді

Қазақстанда 11 қарашада президентке кандидаттардың пікірсайысы  өтеді

11 қарашада Қазақстанда Президентке Кандидаттардың пікірсайысы  өтеді. Дебатта әр үміткер өз бағдарламаларын таныстырып, қарсыластары мен сайлаушылардың сауалына жауап береді. Орталық сайлау комиссиясы  сайлауды алды пікірсайыс ережелерін бекітті.

Анастасия Щегорцова, ҚР ОСК мүшесі:

Бірінші раундта сайлауалды бағдарламаға баяндама жасау керек. Әр кандидет өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында сөз сөйлейді. Регламент үш минут. Екінші раунд - пікірталас сессиясы, онда қатысушылар қарсыластарына екі сұрақтан қояды және сәйкесінше екі сұраққа жауап береді. Сұрақ қоюяға 30 секунд, ал әр қатысушыға жауап беруге екі минут уақыт беріледі.

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ: 271 ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫ АКРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ 

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы президенттік сайлауды бақылауға 271 шетелдік байқаушыны аккредитациялады. Айта кетейік, қыркүйектің соңынан бері халықаралық ұйымдар мен 8 шет мемлекеттен 139 байқаушы аккредиттеуден өткен. Осы айда еліміздің Сыртқы істер министрлігі тарапынан 134 байқаушы ұсынылды, оның ішінде әлемнің 14 елінен 24 адам бар.