Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығы артады

Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығы артады

Президенттің қабылдауына Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиде де болды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстанды аймақтағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын және екі ел арасында сенім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті. Өзара байланыстарды қалпына келтіру мақсатында Қазақстанның үкіметтік делегациясы Кабулға екі рет барды. Нуриддин Азизид Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді. Екі ел сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және аграрлық салалардағы, сондай-ақ геологиялық барлау мен цифрландыру бағыттарындағы ынтымақтастықты жалғастырады. Қазіргі кезде Тургунди – Герат темір жол құрылысы салынып жатыр.