Президент Халықаралық олимпиадаларда жүлде алған оқушыларды құттықтады

Президент Халықаралық олимпиадаларда жүлде алған оқушыларды құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы FIDE World Cup 2025 жарысындағы жетістігімен құттықтады. Президент жеделхатта мемлекет талапты жастарға әрқашан қолдау көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ, спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі. Мемлекет басшысы халықаралық олимпиадаларда жүлде алған оқушыларды да құттықтады. Білім сайыстары Барселонада және Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылды. Оқушылар STEM және химиядан бақ сынады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады. «Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады» – деп жазды Президент.