Қазақстандық IT өнімдер экспорты артып келеді

Қазақстандық IT өнімдер экспорты артып келеді

Қазақстандық IT өнімдер халықаралық нарықтарды бағындыруда. Мәселен, Германияда тамақ жеткізу қосымшасы, Оңтүстік Кореяның туристік агенттігін автоматтандыру. Тек соңғы үш айда  отандық IT компаниялар әлемнің 19 еліне  өз қызметін экспорттап, жалпы құны 158 мың доллардан астам пайда көрген. Олардың 80% алғаш елден тысқары тапсырыс алған.  73 келісімшарттың бәрі  Astana Hub-тың бір ғана «Global Outsourcer» атты бағдарламасының жемісі. Яғни, жаһандық платформа арқылы төл ақпараттық технологиялар қызметін шетелге ұсыну.

Таңат Өскембаев, Astana HUB басқарушы директоры:
-Дүниежүзілік фриланс платформасына тіркеліп, тапсырыс табу. Оларға бағдарламаның ішінде тапсырыстарды қалай табу, олармен қалай сөйлесу, маркетингті қалай жүргізу керек. Оның бәрін үйретеді. Осындай бағдарламалар арқылы Қазақстанның экспортының көлемін ұлғайтуға мақсат қойылған.

Жасұлан Ақаев, IT компанияның коммерциялық директоры:
-Келісімшарттар бар қазіргі кезде біз халықаралық деңгейде  аутсорс, аутстав деген форматта жұмыс істейміз. Германияда экспорт импорт жүйесін жасап беріп жатырмыз. Албанияда салықтық калкуляция сол импорт экспортқа байланысты, ал Гонконгта банктік сектор және сот жүйесінің программасы Ең басты біздің ойымыз қазіргі Қазақстанның IT әзірлемелерінің деңгейін өзіміздің деңгейімізді көрсету.