Д. Трамп Қ. Тоқаевты Вашингтонға шақырды

Д. Трамп Қ. Тоқаевты Вашингтонға шақырды

АҚШ президентінің арнайы өкілдері Ақордаға келді. Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау Қасым- Жомарт Тоқаевпен кездесті. Қазақстан Америкамен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі. 6 қарашада Вашингтонда С5+1 форматында Саммит өтеді. Дональт Трамп Қазақстан президентін осы жиынға арнайы шақырған. Қасым-Жомарт Тоқаев сол үшін АҚШ басшысына алғыс айтты. «Жаһанда Орталық Азияның рөлі артып келе жатыр. Осы аймақтағы елдер бұрын-соңды болмаған бірліктің үлгісін, татулық пен ортақ прогреске ұмытылысын көрсетіп отыр», - деді Мемлекет басшысы. Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка Президентінің сәлемін жеткізді. Әңгіме барысында энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуеті қарастырылды.