Президент әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Президент әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Елімізде көлеңкелі экономикамен күрес күшейеді. Мемлекет басшысы Ақордада әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында Үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылды. Мемлекет басшысы макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және бюджеттің кірісін көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, мемлекеттік шығындарды реттеудің нақты механизмін енгізуді жүктеді. Ал, Үкімет келесі жылы экономикада 5,6 пайыз өсім болады, ал инфляция 5,5-7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжап отыр.