Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Жиын барысында Достастық елдерінің көшбасшылары - Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан президенттері және Армения Премьер-министрі Ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жоспарын талқылады.

Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласындағы бірқатар мәдени нысанға барды

Жұмыс сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД елдерінің көшбасшылары Санкт-Петербургтің бірқатар мәдени нысандарын аралады. Делегация басшылары бірегей сәулет ескерткіштері - «Павловск», «Царское село», «Петергоф» музей-қорықтарына барды.