Сенат төрағасы Еурокомиссияның вице-президентімен кездесті

Сенат төрағасы Еурокомиссияның вице-президентімен кездесті

Қазақстан мен Еуропалық Одақ қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен әлеуеті талқыланды. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинаспен кездесті. Тараптар өзара сауда-экономикалық және инвестициялық байланыс, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелері туралы сөз қозғады. Кездесу барысында Жоғары палата төрағасы Сенаттың парламентаралық байланысты одан әрі тереңдетуге, тұрақты диалог форматында жұмыс істеуге әзірлігін жеткізді. Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Маргаритис Схинасты Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен таныстырды. Өз кезегінде, Еурокомиссия вице-президенті Қазақстанның реформалар бойынша жұмысы өте тиімді жүргізіліп жатқанын айтып, екі жақты қарым-қатынасты тереңдету керек екенін жеткізді.