Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні

Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні

Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді Қазақстанның бастамасымен БҰҰ бекіткен. Осыған орай мемлекет басшысы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады. «Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауы тиіс,- деді Президент. Әрі, кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсу керектігін айтты. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.