Президент жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға
жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы Самарқанда бірнеше ауқымды халықаралық
жиынға қатысады. Олар «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат
сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясы. Қасым-Жомарт
Тоқаевты әуежайдан Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
Естеріңізге салайық, осыдан бір апта бұрын бауырлас ел басшысы Шавкат Мирзиёев
Қазақстанда жұмыс сапарымен болды. Кездесуде тараптар қазақ-өзбек стратегиялық
серіктестігін одан әрі тереңдету мәселелерін талқылаған еді.

