71 елді мекен газбен қамтылады
Қазір тұтас әлемде мұнай құны құбылып тұрғаны белгілі. Бірақ, бұл Қазақстанның бензин нарығына әсер етіп жатқан жоқ. Өйткені оның бағасы ішкі сұранысқа байланысты. Ал ол тұрақты. Бүгін Үкіметте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осылай деп, үш мұнай өңдеу зауытының қуаты сұранысты толық қанағаттандырып тұрғанын айтты. Қысқасы, алаңдауға негіз жоқ. Бұдан бөлек қыс қамын жаз ойла демекші көмір жағып, отын отап жылынып келген тағы біраз халықтың үйіне газ кіретінін де жеткізді. Сонымен, қай жаққа көгілдір отын жеткізілгелі жатыр?

