Сенат ақпараттық қауіпсіздік туралы заңды мақұлдады

Сенат ақпараттық қауіпсіздік туралы заңды мақұлдады

Қазақстанда мемлекеттік органдарға жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмесін жинауға тыйым салынады. Бұл норма иммигранттарға қатысты емес.  Шетел азаматы елдің ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігі қамында жеке куәліктерін ұсынуға міндетті болмақ.  Сонымен қатар алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында қазақстандықтарға «E.gov» порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы беріледі.  Сенаторлар осы және өзгеде бірқатар түзету енгізілген ақпараттық қауіпсіздік туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Жалпы құдат аясында елдің 4 кодексі мен 10 заңына өзгерістер еніп отыр. Жоғары палата депутаттарының пайымынша заң азаматтардың  дербес деректерін қорғауды және цифрлық майнинг саласында бақылауды күшейтуге бағытталған. Соңғысы бойынша қызметін жүзеге асыруға қатысты лицензиядан айыру, уақытша тоқтату және ісін қайта жаңғыртудың тәртібі айқындалды. Жаңа құжатта көзделген негізгі басымдықтарды Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева түсіндірді.

Екатерина Смышляева, Қр Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бірінші жаңашылдық дербес деректерді мемлекеттік бақылау институты ендіріледі. Екіншіден  ақпараттық жүйелерді зертеушілердің жұмысы құқықтық негізде реттелетін болады. Бұл алаяқтық фактілердің алдын алу үшін жасалады. Елімізде соңғы екі жыл көлемінде осы бағытта арнайы бакбаунти тұғырнамасы пилоттық режимде жұмыс істеп келеді. Мемлекеттік техникалық қызметінің жанынан ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік орталық құрылуда. Еліміздегі дербес деректерге келер болсақ, учаскелерге қатысты хабарламалар тәртібі өзгереді.