Қ.Тоқаев Башқұртстан Республикасының басшысы Р.Хабировты қабылдады

Қ.Тоқаев Башқұртстан Республикасының басшысы Р.Хабировты қабылдады

Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауарайналым 2023 жылдың 11 айында 350 миллион доллардан асты. Алдағы уақытта тараптар сауда-экономикалық, өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықты жандандыруға ниетті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федарациясы Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесуде белгілі болды. Президент екі ел арасында бірқатар келісімнің, әсіресе Ынтымақтастыққа арналған жол картасының табысты жүзеге асырылып жатқанына назар аударды. Сондай-ақ Қазақстан Башқұртстан Республикасының жетекші сауда серіктестерінің үштігіне кіретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты қатынастарға тың серпін беру тұрғысынан алғанда бүгінгі сапарыңыздың мәні зор. Біз индустрия, агроөнеркәсіп кешені және гуманитарлық салалардағы байланыстарымызды әртараптандыру үшін барынша күш саламыз.

Радий Хабиров, Башқұртстан Республикасының Басшысы:

- Башқұртстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретініңізді білеміз. Менімен бірге үлкен делегация келді. 2-3 жылдың ішінде біз тауар айналымы мен өнеркәсіп кооперациясының көлемін айтарлықтай ұлғайттық. Бүгін «Қазақстан – Башқұртстан» форумын аштық. Біз үшін Қазақстан – ең басты серіктес.