Қазақстанның саяси өмірі жаңарады

Қазақстанның саяси өмірі жаңарады

Күшті Президент, ықпалды Құрылтай, есеп беретін Үкімет. Осы үш тағанға негізделген жаңа саяси жүйе заңды түрде бекітілді. Бүгін Мемлекет басшысы 5 конституциялық заңға қол қойды. Енді бірінші шілдеден бастап ел жаңа Конституциямен өмір сүреді. Билік тармақтары қалай өзгереді?

 

Президент бекіткен бес құжаттың ішінде алғашқы болып «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» конституциялық заңы аталады. Онда Мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі, өкілеттіктері мен қызметі айқындалған. Енді норма бойынша Президент бір рет қана жеті жылдық мерзімге сайланады. Заңның басты жаңалығы Вице-Президент институтының құрылуы. Енді бұл лауазымдағы тұлға Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді орындап, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің мүдделерін білдіреді.