Қазақстанда шетелдік инвесторлардың қатысуымен жаңа жобалар іске қосылады

Қазақстанда шетелдік инвесторлардың қатысуымен жаңа жобалар іске қосылады

Қазақстан жаңа инвестициялық бастамаларға ашық. Елдің Премьер-Министірі шетел компанияларының басшыларымен кездесуде Үкімет олардың ниеттерін құптауға дайын екенін жеткізді. Жиында тұрғын үй, медициналық мекемелер құрылысы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, көлік инфрақұрылымын жақсарту және өзгеде салаларда бірқатар жобалны жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бүгінде жоспарланған бағыттар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Шетелдік компания өкілдері Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруда зор әлеуеттің барын және осы бағытта бірлесе жұмыс атқаруға ниеттерін білдірді. Әлихан Смайылов сырттан инвестиция тарту елдің іскерлік белсенділігін жетілдіруге сеп болатынын тілге тиек етті.