Мәжілісте атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды

Мәжілісте атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды

Сот орындаушыларының жауапкершілігі артып, қызметтік аясы кеңейеюі мүмкін. Мәжілісте атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатта осы бағыттағы заңнамалық актілердегі олқылықтарды, коллизиялар мен қайшылықтарды, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін нормаларды жою көзделген. Осы арқылы атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштердің санын азайту және оған қатысатын азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын барынша қамтамасыз ету жоспарланған. Аталмыш заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленді. Халық қалаулыларының айтуынша, құжатты қабылдау саладағы бірқатар күрмеулі мәселенің түйінін тарқатуға сеп болмақ.

Дмитрий Колода, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

– Жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді аяқтаған кезде алдыңғы жеке сот орындаушылары шығарған мәжбүрлеу шаралары туралы барлық қаулылардың күшін жою міндетін белгілеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болғызбау мақсатында борышкерді шақыру негіздерін қысқарту,  жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының көшірмесін жіберу және мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабар беру жөніндегі міндетін белгілеу көзделген.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов