Қазақстанда халық кеңесі құрылады

Қазақстанда халық кеңесі құрылады

Қазақстанда Халық кеңесі құрылады. Ол Ұлттық Құрылтайдың да, Ассамблеяның да орнын басады. Елдегі барлық этнос, өңір және қоғамдық топтардың пікірін ескеретін жоғары консультативтік орган болады. Президент кеңес құрамын 126 адамнан асырмауды ұсынды. Оның ішіне этномәдени бірлестіктерден, қоғамдық ұйымдардан және мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден 42 өкілден кіреді. Халық кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды, ал кеңес төрағасын оның мүшелері өз ішінен сайлайды. Сонымен қатар, төрағаның қоғамдық негізде, ротациялық тәртіппен жұмыс істейтін екі орынбасары және хатшылық басшысы болады.