Дүниежүзілік банкпен 48 бірлескен жоба жүзеге асырылды

Дүниежүзілік банкпен 48 бірлескен жоба жүзеге асырылды

Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен 8 млрд доллардың 48 жобасы жүзеге асырылды. Республика қаржы институтымен 30 жылдан астам уақыт бойы ынтымақтасып келеді. Өзара серіктестік адан әрі нығая түседі. Ел премьер-министрі мен Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры экономиканы дамыту, цифрландыруды енгізу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жобаларды талқылады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов халықаралық қаржы институтымен серіктестік инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталғанын атап өтті. Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы оның айқын мысалы болып табылады. Ол 20 жылдан астам сәтті жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек. Өз кезегінде, Татьяна Проскурякова Ұйым Қазақстан бойынша жаңа жобаларды дайындауды жандандырғанын айтты. Оның ішінде Үкіметтің шалғай елді мекендерді интернетке қосу бағдарламасы да бар. Өңірлік директордың айтуынша, бұл  Орталық Азияның барлық елдері үшін жақсы үлгі болады және Қазақстанның өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлін  нығайтады.