Қызылорда облысының әкімі тағайындалды

Қызылорда облысының әкімі тағайындалды

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болды. Өңірдің жаңа басшысын Премьер-министр Олжас Бектенов облыс активіне таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың оған жүктеген міндеттерін де атап өтті. Бірінші кезекте халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, экономиканы әртараптандыруға, цифрландыру мен инвестиция көлемін ұлғайтуға басымдық берілмек. Соңғы жылдары аймақта ауқымды жобалар жүзеге асты. Қызылорда қаласында 240 МВт болатын жылу электр орталығы іскеқосылды. Оған 215 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған. Бұдан бөлек, шаһар ыстық сумен қамтылды. Оған мемлекет қазынасынан 26 млрд теңге бөлінді. Соңғы төрт жыл ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі екі есеге өсіп, 3,7 трлн теңгеге жеткен. Жаңа әкім осы көрсеткішті еселей түсуі керек. Айта кетейік, Мұрат Ергешбаев бұған дейін Шиелі, Қармақшы және Қазалы аудандарын, Қызылорда қаласын басқарған. 2023 жылдан бері Мәжіліс депутаты болды.