Президенттің Моңғолияға мемлекеттік сапары

Президенттің Моңғолияға мемлекеттік сапары

Қазақстан мен Моңғолия сирек кездесетін минерал кеніштерін бірлесе барлап, игереді. Отандық кәсіпкерлер Моңғолияның тау-кен саласын зерттеуге әзір. Бұдан бөлек алдағы уақытта қазақ тарапы Моңғолияда вакцина өндірісін ашады. Президенттің Моңғолияға мемлекеттік сапары барысында бірқатар салаларда уағдаластық жасалды.

¤

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретіндегі Моңғолияға алғашқы сапары. Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұр. Екі елдің әнұрандары шырқалғаннан кейін, Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.