«Жасыл энергетика» - мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі

«Жасыл энергетика» - мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі

Қазақстан мен Қытай «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастықты арттырады. Премьер-министр Олжас Бектенов «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» компаниясының басшысы Дай Даогомен кездесіп, екіжақты байланысты талқылады. Тараптар қалдықтарды өңдеу, оларды кәдеге жарату тәсілдері жайында пікір алмасты. Алдағы уақытта осы бағытта бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін пысықтады. Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық жаңғырту мен орнықты дамудың маңызына баса назар аударып отырғанын атап өтті. Қазақстан «жасыл» трансформацияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Қазір елімізде қажетті құқықтық база бар. Үкімет осы саладағы халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық, - деді Олжас Бектенов.