Илон Маск «Азаттық радиосын» жабуды ұсынды
Илон Маск «Азаттық радиосы» мен Voice America
медиакомпанияларын жабуды ұсынды. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі қаржыландыратын
бұл ақпарат құралдары «радикалды саясат» жүргізеді. «Қазір екеуі де
оқырмандарын жоғалтқан. Миллиардтаған қаржыны босқа жұмсап отыр», - дейді Маск.
Айта кетейік, ол қазір Ақ үйде «Тиімді үкімет» департаментін басқарады. Бұл
ресми мемлекеттік орган емес. Десе де, Ақ үйдің Батыс қанатында жеке кеңселері
бар. Маск осы департамент арқылы АҚШ бюджетінің шығынын азайтып, «2 триллион
долларға дейін үнемдей алам» деп уәде берген.

