Елімізде ядролық энергетика агенттігі құрылады
Елімізде Ядролық энергетика агенттігі құрылады. Президент
осындай шешім қабылдағанын айтты. Бұл - ел экономикасының ондаған жыл бойы
қарқынды дамуына берік негіз болады. Сондықтан Қазақстанға бір емес, үш атом
электр стансасы салынады. Ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру
қажет, - деді Мемлекет басшысы.

