СryptoCity жобасы іске қосылады

СryptoCity жобасы іске қосылады

Алдағы уақытта криптовалюға азық-түлік сатып алып, қызметтер ақысын да төлеуге мүмкіндік туады. Ол үшін Қазақстанда СryptoCity жобасы іске қосылады. Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. «Біз адам капиталына инвестиция салып, жас мамандардың қалыптасуына жағдай жасаймыз. Ең басты міндетіміз - аймақтар арасындағы алшақтықты азайту және орта тапты нығайту», - дейді Президент. Яғни, цифрлық технология мен жасанды интеллектіден бастап, жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріске дейінгі негізгі секторларға басымдылық берілмек. Одан кейінгі мақсат - Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу.