Сарапшылар пікірі: Президенттік сайлау қоғамда жаңа саяси мәдениетті қалыптастырады

Қазақстанда жаңа саяси мәдениет қалыптасуда. Мұның бірден бір дәлелі 20 қарашада өтетін кезектен тыс президенттік сайлау болмақ. Елдің қоғамдық саяси институты сарапшыларының пікірі осыған саяды. Олардың айтуынша, бұрыннан бар және жаңадан құрылған партиялардың үміткерлері саяси бәйгеге тең негізде бірдей  талаптармен түседі. Бұған қоса, бұл жолғы додада президенттіктің тізгінін ұстауға ниет танытқан түрлі қоғамдық бірлестіктердің мүддесін арқалап жүрген кандидаттарда бар. Жалпы саясаттанушылардың пікірінше, бұл науқан елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Яғни сайлау үрдісінің жаңа кезеңін бастауға жол ашады. Ондағы басты мақсат ел сенімін ақтап, халықтың әл-ауқатын арттыра түсу. Ендігі таңдау тікелей ел азаматтарының қолында дейді, сарапшылар.

Николй Кузьмин, сарапшы:

Ең бастысы кезектен тыс президенттік сайлау елде жаңадан электоралдық кезеңнің бастауына жол салады. Өйткені, бұдан соң жергілікті деңгейлерде аумақтық сайлаулар үрдісі басталады. Бұдан былай  миллиондаған қазақстандықтар алдағы уақытта тұрғылықты жері бойынша атқарушы  билік өкілдерін өздері таңдайтын болады.

Президенттік сайлауға екі күн қалды. Сарапшылар елдің жарқын болашағы үшін әрбір азаматтың даусы қажет дейді. Сайлау елдің саяси өміріне тікелей араласып, азаматтық ұстанымды білдірудің бірден бір жолы.

Қуаныш Сайлау, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері

Біздің тарихымызда ең алғаш рет келе жатқан сайлауда біз бір мерзімді 7 жылға президентті сайлайтын боламыз. Бұл жағынан аса маңызды және келе жатқан сайлау үлкен ауқымды саяси электоралдық кезеңнің бастамасы болып табылады. Келе жатқан жылда Қазақстан азаматтары Мәжіліс, маслихат сайлауларына қатысады және жергілікті деңгеде әкімдерді тікелей сайлау пайда болады. Осы арада біз халықтың арасында электоралдық мәдениетті қалыптастырып жатырмыз. Бұл электаралды мәдениеттің табысы әр азаматтың белсенді қатысуының нәтижесінде ғана мүмкін.