Үкіметте биржалық сауда бойынша заң жобасы таныстырылды

Үкіметте биржалық сауда бойынша заң жобасы таныстырылды

Қазақстанда биржалық саудадағы жосықсыз қатысушылардың тізімі жасалынады. Ал, бұндай аукциондарда әлеуметтік маңызы бар тауарлар жалпы тізімнен бөлек алынады. Оның ішінде – көмір, астық пен мұнай өнімдері. Оларды саудалау тек арнайы құрылған биржаларда жүзеге асырылады. Ол Үкімет шешіміне сай қаралып, тек байқаулық негізде таңдалады. Осы және өзге де жаңашылдықтар кіргізілген тиісті заң жобасын Сауда және интеграция министрі таныстырды. Арман Шаққалиевтің айтуынша, бұл шаралар өзекті мәселелерді шешу үшін қабылданғалы тұр. Ол – өндірушілер баға орнатқанда барлық процесстердің ашық болуы және биржалардың өзіне деген реттеу талаптарын қатаңдату. Сонымен қатар биржаларға коммерциялық құпияны сақтау талаптарын қайта қарай да көзделуде. Қатысушылар мен барлық сатып алулар туралы мәліметті ашық жария ету қажеттілігі айтылды. Бұл тауарайналымын бақылауға мүмкіндік береді. Сауда және интеграция министрлігі шағын және орта кәсіп өкілдерін биржадан шығаруды ұсынып отыр.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
-
Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер заң жобасында көрініс тапты. Нәтижесінде, биржалық сауда сауданың, экономиканың және отандық өндірістің өсуінің маңызды драйвері болуы керек. Ашық нарықтық бағаны қалыптастыру және биржалық саудаға қатысушылардың ақша ағындарын бақылауды күшейту негізгі нәтиже болады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-
Мемлекеттік органдар 2 күн ішінде биржалық тауарлар  мәселесі бойынша     заң жобасына     Үкімет қорытындысының жобасын келісуі тиіс.   Екінші  Цифрлық даму министрлігі  қазіргі әлемдік стандарттарды ескере отырып,     тауар биржаларын     бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақпараттық қауіпсіздікті арттыру мәселесін     пысықтауы қажет.  Үшінші  Сауда министрлігі     Әділет министрлігімен,     сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп,  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тауар биржалары мен оның қатысушыларының  жауапкершілігін қатаңдату бойынша     түзетулер топтамасын әзірлеуі тиіс.