Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Е.Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Е.Досаевты қабылдады

Биыл Алматы қаласында 4 медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы, 8 мектеп ел иігілігіне беріледі. Сондай-ақ, 10 жекеменшік мектеп ашылады. Осы және өзге де салалардағы жұмыстар туралы Алматы әкімі мемлекет басшысына есеп берді. Ерболат Досаевтың айтуынша, шаһарда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16 пайыз өсіп, 715 миллиард теңгеге жуықтаған. Жыл соңына дейін 2 триллион теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр. Мегаполисте экологиялық таза қоғамдық көліктің үлесі 70 пайызға дейін артқан. Ал, қаланың жоғарғы бөлігін сумен қамту мақсатында 6 жаңа ұңғыма және 1,5 шақырым магистральдық құбыр пайдалануға берілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ Алматы экономикасын әртараптандыру аясында шағын және орта бизнес үлесі есебінен кірісті одан әрі арттыруды тапсырды