Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысымен келіссөз өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы Ауғанстанға көрсетілетін көмекті жалғастыруға дайын екенін және сол елдегі тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған халықаралық іс-қимылдарға атсалысатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның Бас хатшысына коронавирусқа қарсы күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде, «QazVac» отандық вакцинасының әзірлемесі туралы мәлімет берді. Антониу Гутерриш қазақстандық вакцинаның әзірлемесін және жаппай екпе салу науқанының табысты жүргізіліп жатқанын құптады.