Егістік науқанына дайындық пысықталды

Егістік науқанына дайындық пысықталды

Үкімет көктемгі егістік науқанына дайындық іс-шараларын пысықтауға кірісіп кетті. Бүгін вице-премьер әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осы мәселе бойынша жиын өткізді. Биыл егістік алқаптарының жалпы көлемі 23,8 млн гектар болады деп жоспарланған. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық. Егісті әртараптандыру мақсатында дәнді дақылдар алқаптары тағы қысқартылған. Есесіне жоғары маржиналды және қайта өңдеуде сұранысқа ие дақылдардың егістік алқаптары кеңейіп жатыр. Мәселен, майлы дақылдар 55 мың гектарға артып, 4 млн гектарға жеткен, арпа - 94 мың гектарға, жүгері - 43 мың гектарға, мал азықтық дақылдар - 37 мың гектарға ұлғайған. Бүгінгі күнге дейін тыңайтқыштар, сапалы тұқым және арзандатылған дизель отын алу үшін шаруалардан жалпы сомасы 241 млрд теңгеге 1 694 өтінім түскен.