Адам құқықтарын қорғауға нақты қадам

Адам құқықтарын қорғауға нақты қадам

Қазақстан ауқымды демократиялық реформалар жүргізіп, өзінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес адам құқықтарын қорғайды. Осы мақсатта қажетті заңнамалық жағдайлар жасалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Нәтижесінде - ел демократиялық қағидаттарды ілгерілетуде өңірлік көшбасшыға айналды. Атап айтқанда, суперпрезиденттік өкілеттіктерді жоюға бағытталған конституциялық реформалар жүзеге асырылды, партияларды тіркеу ережелері жеңілдетілді, Мәжілістің өкілеттіктері кеңейтілді. Алғаш рет аудандық және қалалық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау өткізілді. Халықтың елді басқару ісіне және шешім қабылдауға қатысуын ынталандыру мақсатында Ұлттық құрылтай жұмыс істейді. Реформалар адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтты. Соттардың тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданды. Елімізде Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен институты толыққанды жұмыс істейді. Конституциялық Сот қайта құрылды. Қазақстан азаматтары оған тікелей жүгіне алады.