Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 2026 жылды халықаралық еріктілер жылы деп жариялады

Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 2026 жылды халықаралық еріктілер жылы деп жариялады

2026 жыл халықаралық еріктілер жылы деп жарияланды. Тиісті қарарды Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Құжаттың тең авторлығына ұйымға мүше 54 мемлекет қосылды. Еліміздің СІМ хабарлағандай, Халықаралық жыл аясындағы іс-шаралар волонтерлік қозғалысқа ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде қуатты серпін береді, ынтымақтастықты нығайтуға және оны одан әрі дамытудың негізгі векторларын айқындауға үлес қосады.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде волонтерлік қызметті дамытуға ерекше мән беріп, оны Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ретінда қарастыратынын атап өту қажет. Бүгінде еліміздегі еріктілер саны 200 мың адамға жетті.