Қ.Тоқаев Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевті Әзербайжанның 2024 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29 конференциясы өтетін мемлекет ретінде таңдалуымен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл шешім елдің халықаралық аренадағы беделі жоғары екенінің айқын дәлелі, сондай-ақ Әзербайжанның тиімді және прогрессивті саясаты мен климатқа қатысты жаһандық күн тәртібіндегі асқақ мұраттарға бейілдігін мойындағанын білдіретіні атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне БҰҰ-ның конференциясын табысты әрі нәтижелі өткізу үшін Қазақстанның жан-жақты көмек беруге дайын екенін жеткізіп, шараға белсенді қатысатынын айтты.