Конго Республикасымен ынтымақтастық кеңейеді

Конго Республикасымен ынтымақтастық кеңейеді

Қазақстан мен Конго қорғаныс саласында байланыс бекітпек. Елімізге ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо сауытты машиналар жасайтын отандық зауыт жұмысымен танысуға ықылас танытып отыр. Ал, бүгін ол Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, арадағы сауда-экономикалық байланысты кеңейтуге уағдаласты. Қазақстандық инвесторларды Конгоның қазбалы байлығын игеруге шақырды. Сапар барысында жүргізілген келіссөздер Орталық Азия мен Африка қарым-қатынасына қалай әсер етпек?

Қазақстан мен Конгоның қарым-қатынасына ширек ғасыр болса да арадағы алыс-беріс айтарлықтай көп емес. Оған елдердің айшылық алыстығы да себеп. Мәселен, өткен жылғы тауар айналымы 15 мың долларға жетер-жетпес. Дегенмен, логистика дамыған кезеңде жаңа нарықтарға жол ашуға ештеңе кедергі бола алмайды. Президенттердің де көздегені – серіктестікке тың серпін беру.