Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалды

Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалды

Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалды. Пленарлық отырыс кезінде оның кандидатурасын депутат Ерлан Сайыров ұсынған. Сайлау бюллетеньдерін қолдана отыра, халық қалаулылары құпия түрде дауыс берді. 

Айта кетерлігі, бұл процедураны өткізу үшін арнайы есеп комиссиясы құрылып, кабиналар мен сайлау жәшігі қойылды. Ерлан Қошанов 2019 жылдан бері ел Президенті Әкімшілігін басқарып келген. Сондай-ақ бұған дейін Қарағанды облысының әкімі болып жұмыс істеді. Премьер-Министрдің кеңсесін және Азаматтық авиация комитетін басқарды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Өмір жолымның бірқатар уақыты Парламент қабырғасында өтті. Сіздердің сенімдеріңіздің арқасында осы абыройлы жұмысты бірге жалғастырамыз деп ойлаймын. Парламент Мәжілісіне жетекшілік ету әрине, ерекше мәртебе. Бұл – Қазақстан халқы мен Мемлекет басшысының алдындағы үлкен жауапкершілік.

Айта кетейік, бұдан бұрын депутаттар экс-спикер Нұрлан Нығматулиннің Мәжіліс төрағасының қызметінен өз еркімен босату туралы қаулысының жобасын дауысқа салып, бірауыздан қабылдады.