Қазақстан БРИКС құрамына кіру бойынша ұсыныстарды қарастырып жатыр
Мемлекет басшысына Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Қазір Президент бұл ұсынысты еліміздің ұлттық мүддесі тұрғысынан мұқият қарастырып жатыр. Сондай-ақ, тиісті ведомстволарға талдау жүргізуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews сайтына берген сұхбатында айтты.
Ол Ұйымға мүше болу көп сатылы процесс екенін, сондықтан еліміз қазір және жақын болашақта БРИКС-ке мүше болуға өтініш беруден қалыс қалатынын атап өтті.
23-24 қазан күндері Қазан қаласында ұйымның саммиті өтеді. Мемлекет басшысы құрылымның «аутрич» форматындағы кеңейтілген құрамда өтетін жиынында сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Еске салайық, БРИКС ұйымының құрамына Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Біріккен Араб әмірліктері, Мысыр, Оңтүстік Африка, Бразилия және Эфиопия кіреді.

