Парламенттің 3-ші сессиясының жұмысы қорытындыланды
Бүгін депутаттар каникулға кетті. Палатаның бірлескен
отырысында былтырғы күзден бері атқарылған жұмыстар пысықталып, түйінделді. Осы
уақыт аралығында үш кодекс жаңарды. Бұл салық, су және бюджет. Бұдан бөлек
үлескерлік құрылыс саласында тәртіп орнады. Тұрғын үй алуға құқы бар
азаматтардың санаты кеңейді. Алаяқтық жолмен рәсімделген кредиттерді есептен
шығаруға негіз болатын нормалар енді. Некеге тұруға мәжбүрлеу үшін қылмыстық
жауапкершілік күшейді. Депутаттар биыл тағы не істеді?

