Қазақстанда онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртуға 460 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді

Қазақстанда онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртуға 460 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді

Қазақстанда онкологиялық қызметті жаңғыртуға 460 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Үкімет қатерлі ісікке қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарға қол қойды. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында әзірленді. Бұл – тиімділігі жоғары ерте диагностиканы енгізуді, мамандандырылған емдеуді, паллиативтік көмек пен оңалту сапасын арттыруды көздейді. Сонымен қатар елімізде қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқастарды емдеуде заманауи стандарттарды қолдану жоспарлануда. Әрбір өңірде соңғы үлгідегі қондырғыларды орнату арқылы науқастар әлемдік стандарт деңгейінде заманауи сәулелік ем алу мүмкіндігіне ие болады.Бұл ретте қажетті дәрі-дәрмектерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық кешендерді пайдалану жоспарланған. Бұдан басқа, онкологиялық ауруларды емдеу шеңберінде телемедицина және жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдалану көзделеді. Сонымен қатар кадрлық әлеует пен ғылымды нығайтуға ерекше назар аударылады. Жалпы үкіметте онкологиялық көмек көрсету еліміздің барлық өңірлерінде жоғары сапалы терапияға қолжетімділіктің арттырылатыны атап өтілді.