2023 жыл: Қазақстан Президенті жұмысының қорытындысы

2023 жыл: Қазақстан Президенті жұмысының қорытындысы

2023 жыл Қазақстан тарихи - саяси оқиғаларға толы болды. Елде президенттің бастамасымен ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүзеге асты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың көптеген тапсырмалары экономикаға, саясатқа, инфрақұрылымға немесе әлеуметтік мәселелерге қатысы бар-жоғына қарамастан

жалпыұлттық сипатқа ие. Олардың көпшілігін ол 1 қыркүйекте парламенттің кезекті сессиясының ашылуында айтты. Алға қойылған міндеттер мен жоспадағы жоспарлар маңызды заңдарды қабылдаумен бекітілді. 2023 жылы президент барлығы 98 Заңға, 344 Жарлыққа, 91 Өкімге қол қойды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігіне берген сұхбатында Мемлекет басшысының кеңесшісі, баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң әзірленіп, қабылданды. Нәтижесінде бүгінде 1 трлн теңге қайтарылды. Бұл қаражат есебесінен ел өңірлерінде әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандар салынып, халықтың мұқтаждығына жұмсалуда.

Бірінші жарты жылда ел экономикасына 13 млрд доллар қаражат тартылды. Бұған инвесторларға жасалған жақсы жағдай мен Қазақстанның экономикалық әлеуеті себепші болып отыр. Серіктестер тарту Президент қатысқан халықаралық жиындар аясындағы кездесулер барысында жүзеге асырылуда. Мәселен, биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 268 шара ұйымдастырылды. Қазақстан Президенті 19 шет еліне сапар жасап, 27 форум мен саммитте сөз сөйледі. Сондай-ақ, 30 шет мемлекет басшыларымен кездесті. Себебі, дәл осындай жиын барысында ғана маңызды геосаяси ахуалдар өз шешімін тауып, тиімді экономикалық келісімдерге қол қойылады. Президент, әсіресе, Орта Азия аумағындағы көшбасшылық мәртебені сақтауға және Қазақстанның көлік-логистикалық хаб ретінде дамуына ерекше мән береді. Бұл бағытта жасалған жұмыстар да ауқымды екенін айта кеткен жөн. Қытайдың Ляньюньган портында Қазақстан-Қытай логистикалық орталығы құрылды. «Қорғас» құрғақ порты мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік магистралі іске қосылды. Қытайдан Иранға қарай теміржол дәлізі ашылды. Сонымен қатар елімізің оңтүстігі мен батысында жаңа теміржол бағыттары салынып жатыр.