ОСК сайланатын кандидаттарды тіркеу қорытындысын шығарды

ОСК сайланатын кандидаттарды тіркеу қорытындысын шығарды

Парламенттің төменгі палатасының депутаттарын сайлауға 29, ал бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша 609 кандидат ұсынылды. Оның 79-ы саяси партиялардан, 5-і қоғамдық бірлестіктерден болса, 525-і өзін-өзі ұсынушылар. Ал Мәслихатқа келер болсақ, 3081 депутаттық мандатқа 10 288 үміткер бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаттарының 69 мандатына үміткер саяси 7 партияның тізіміне 281 кандидат енгізілді. Үміткерлердің басым бөлігі «Аманат» партиясынан тіркелді, барлығы 90 адам. 54 кандидат «Ақ жол» партиясынан, «Қазақстан халқы» партиясынан – 52, «Ауыл» партиясынан – 25, «Республика» партиясынан – 23 кандидат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19 және 18 кандидат «Байтақ» жасыл партиясынан аламанға ат қосты.

Айта кетейік, Қазақстанда үгіт-насихат науқаны жүріп жатыр.