Мемлекет басшысы Түрікменстандағы Қазақстанның елшісі Н. Ноғаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі - Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елмен достық және стратегиялық серіктестік байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті. Президент екіжақты ықпалдастықты, оның ішінде энергетика, көлік-транзит, сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде Нұрлан Ноғаевқа бірқатар міндет жүктеді. Мемлекет басшысы алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнды, әрі сапалы болуына баса назар аударуды тапсырды.