Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері әскери білім беру саласында ынтымақты арттырмақ
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері әскери білім беру
саласында ынтымақты арттырмақ. Мемлекет басшысы осы елдің Қорғаныс істері
жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді
қабылдады. Әмірліктер қорғаныс өнеркәсібінде толайым табысқа жеткен ел.
Сондықтан озық технология мен инновация бағытында тәжірибе алмасу мүмкіндігін
қарастыру қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб
Әмірліктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі
үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
марапаттады.

