Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен кездесті

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына барды. Жиын алдында Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізіп, Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту барысын талқылады. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, Душанбеде ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді деп күтілуде.